Париж катакомбасына арналған инсталляция

Париж катакомбасына арналған инсталляция
Фото: vk.com

Мельбурндағы Виктория галереясында заманауи өнердің халықаралық Триенналесі ашылды. 2018 жылдың 18 сәуіріне дейін болатын шараға 32 елдің суретшілері, сәулетшілері, мүсіншілері мен дизайнерлері қатысып жатыр. Бірақ, көрермен назарына ұсынылған барша туындылар ішінде гипернатуралистік мүсіндерімен танымал австралиялық өнерпаз Рон Мьюектің инсталляциясы ерекше көзге түседі.

Мьюек Триенналедегі Mass аталатын мүсіні полимерлі балшықтан жасалған биіктігі бір метрлік бас сүйектерінен тұрады. Нысан XVII және XVIII ғасыр кезеңіне жататын классикалық туындылар залында орналасқан. Өнерсүйер қауым бассүйектің әлем мәдениетінде алар орны мен оның символикасының жиі қолданыс табатынын жақсы біледі. Ол ерте заманда да, орта ғасырда да, тіпті, қазіргі күннің өзінде солай. Осыны ескере отырып, экспозиция кураторы мүсінді классикалық кенептермен қатар орналастырған. Мьюек инсталляциясы – өлім мен сұрықсыз шындықтың бейнесі. Ол Париж катакомбасын (жерасты қабірі) меңзейді.

А. Оралқызы