Жетінші арнаның тікелей эфирінде көрсетілетін Өз ойым бағдарламасы жаңа маусымды жаңа қарқынмен бастады. Қоғамдағы маңызды мәселелерді ашық қозғайтын бағдарлама көрермендерін таң қалдырудан жалыққан емес. Өз ойым ток-шоуында жүргізушілер ашық диалогтар арқылы қақтығысқан тараптарды татуластыруға, көрермендерге жағдайды түсіндіруге, қоғамда шешімі қиын мәселелердің көзін табуға тырысады. Бағдарламаға келген қонақтар жүргізушілердің құйтұрқы да ыңғайсыз сұрақтарына тез, кідіріссіз жауап береді. Айта кету керек, Өз ойым бағдарламасы 27 маусым күні жаңа шығарылымын бастады. Жаңа маусымда бағдарлама барысында зейнетақы, баспана алу жолдары, медицина саласындағы олқылықтар, балалар ойыншықтары жайлы маңызды тақырыптар талқыланса, әр аптаның жұмасы көңілді, позитивке толы тақырыптар көрсетіліп келеді. Осы аптаның бастамасы ана мен бала денсаулығына арналды. Бағдарламаға биология ғылымдарының докторы Салтанат Байқошқарова келіп, ана денсаулығына толығырақ тоқталды. Сондай-ақ, тікелей эфирге Айнаш Жетпісбаева есімді кейіпкер келді. Айнаштың айтуынша, ол 15 жыл сәби сүюді армандаған, нәтижесінде Ләйлә Сұлтанқызына хат жолдап, бағдарламалардың бірінде оның хаты Салтанат ханымның көмегімен арнайы жасанды ұрықтану жасатуға арқау болған. Бүгінде оның ұлы Нұрымның жасы 2-де. Бағдарлама барысында көрермендер арасында көптеген сауалдар туындап, арнайы мамандардан жауап берді.Айта кетейік, бағдарламаның ең басты жаңалығы ток-шоу дүйсенбі-жұма аралығында көрсетілетін болды. Бүгінгі бағдарламада Қазақ қарулы күштері күшті ме? әскери-патриоттық шығарылымды Өз ойым бағдарламасын сағат 15:00-де Жетінші арнадан көре аласыздар. Серіктес мақаласы