- Негізгі бет
- Мәдениет
- Онлайн аралауға болатын...
Онлайн аралауға болатын 9 музей
Луврды көру үшін Парижге барып, бір күн кезекте тұрудың қажеті жоқ. Оның үстіне, қазіргідей карантин уақыты оған мүмкіндік бермейді.
Бірақ, бір жақсысы, көптеген музейлер өз қорларын сандық форматқа ауыстырып үлгерген. Яғни, интернет болса, оларды үйден шықпай-ақ аралауға болады. Виза, ұшаққа да ақша шықпайды. Сонымен, онлайн аралауға болатын музейлер тізімін ұсынамыз.
Әлемнің ең ірі музейлерінің бірі көптеген онлайн турлар ұсынады. Өзіңіз қалаған кезең мен ел өнерімен сусындау мүмкіндігі мол. Лувр коллекциясының әр экспонатын 360 градустық форматта көруге болады.
Париждегі Musée de l'Orangerie 3D-тур жасайды. Әсіресе, Клод Моненің картиналары сізге әсер етпей қоймасы анық.
Гуггенхайм музейі Нью-Йоркте орналасқан. Бірақ интернет болса, басқа құрлықта топтастырылған өнер туындыларын үйден шықпай-ақ тамашаласаңыз болады.
Музейде 8 миллион нысан сақталған. Олардың тең жартысын онлайн көруге болады. Мұнда антикалық мәдениеттен заманауи өнерге дейінгінің бәрі қамтылған.
Бұл музейден Джексон Поллок, Винсент Ван Гог, Джотто мен өзге де талант иелерінің туындыларын тамашалай аласыздар. Рей Кавакубо, Коко Шанель мен Кристиан Диорға арналған көрмселердің өзі бір төбе.
Флоренциядағы галерея Италия Ренессансын диджитал-өлшемде көру мүмкіндігін береді.
Атауына қарамастан, бұл музей тек америкалық өнер туындыларымен ғана шектелмейді. Оның қорында Еуропа өнер жақұттары да бар. Бұл музей өнер лекторларынан сабақ алуға да мүмкіндік береді.
Атақты голландиялық музей фламанд өнері нысандарын ұсынады. Онлайн-каталогтан Рембрандт сынды голланд өнерінің алтын ғасыры өкілдерімен танысу мүмкіндігі бар.
Корей заманауи өнерінің ұлттық музейі
Шығыс қашан да құпияға толы. Әсіресе, көне жібек маталар мен жапон гравюраларын көру кез келгенге бұйыра бермейтін бақ.