Өнерді бағалау үшін нені білу керек?

Өнерді бағалау өзгенің дарынсыздығын байқау емес. Нағыз бағалай алатын адам өзгелер байқай бермейтін кішкентай бөліктің өзін құрметтейді. Мәдениет әлемі  – адамдарға шабыт беретін, олардың өмірге деген көзқарасын қалыптастырып, ойлау жүйесін ретке келтіретін ерекше сала.

Өнердің бағасы қандай?
Мәдениетті адамдар өнердің бағасын жақсы біледі. Мына әлемде суретшінің туындысы, жазушның шығармасы мен ақынның өлеңі өз орнын табу үшін адам баласында оған деген қызығушылық пен түсіну деп аталатын дағды болуы тиіс. Суретшіні тек суретке қызығушылық танытатын, одан аздаған болса да хабары бар адамдар түсіне алады.

Әлемнің үздік картиналары туралы оқып көріңіз:
Сурет саласына қатты қызығатындар картинаға қарап-ақ авторын анықтай алады. Өйткені, өнерде әркімнің өзіне тән қолтаңбасы бар. Ал, еліктеу мен көшірмелердің дәуірі басталмай жатып аяқталады. Ежелгі картиналар бір-біріне ұқсағанымен, олардың айырмасын тек оқып, зейініңізді аударып қараған кезде ғана ұға аласыз.

Мұражай мен көркем сурет галерияларына барыңыз:
Тек сіз білмеген ақпарат алып қана қоймай, демалып қайтасыз. Жаныңыз тыныштыққа бөлініп, өзіңізді әлемнің басқа аймағына сапар шеккендей сезінесіз. Әсірсе, көрмелерді қалт жіберіп алмаңыз.

25 елдің авторларының кітаптарын оқыңыз:
Әлемдік әдебиетке бас сұғыңыз. Бір елмен немесе аймақпен шектелу таным көкжиегіңізді жетілдірмейді. Сондықтан, өзге елдің авторларын оқыңыз. Олармен өзіңізді салыстырыңыз. Көп сұрағыңыздың жауабын табатыныңыз анық.

Әр түрлі елдің асханасынынан дәм татыңыз:
Тамақ дайындау тәсілі, ұлттық тағам бұл – әлем елдерін бір-бірінен ерекше ететін өнер саласы. Қолыңыздан дәмді тамақ дайындау келсе, өнерлі екеніңізге күмәніңіз болмасын.

Саяхаттаңыз:
Жиі саяхаттайтын адамның білетіні көп болады. Жер көрген, ел көрген адамның айтары да мол. Неғұрлым өзге мәдени ортаның адамдарымен байланыс жасаған сайын, соғұрлым адамдардың ұқсастығын байқай түсесіз.

Шет тілдерін үйреніңіз:
Өзге тілдерді меңгеру – өнерді ұғынуға бастайтын негізгі жол.
• Сіз өзге мәдениеттің ерекшеліктерін ұғына бастайсыз;
• Түрлі көзқарас  қалыптастырасыз;
• Сөздердің шығу тегі мен өз ана тіліңіздің құдіреттілігін ұғынасыз.

Өнерді бағалай алу да – өнер. Зерттеңіз! Ізденіңіз! Өзіңіздің мәдени ортаңызды қалыптастырыңыз!