- Негізгі бет
- Мәдениет
- Өмірін Нью-Йорк пен...
Өмірін Нью-Йорк пен Чикаго көшелерін суретке түсіруге арнаған әйел
Нью-Йорк қаласындағы Madelyn Jordon Fine Art галереясында "Вивиан Майер: Таңдамалы" аталатын көрме ашылды.
Вивиан Майер есімді фотограф болғаны туралы дерек тек 2009 жылы ғана анықталды. Оның фотосуреттерінің қоры ойламаған жерден табылған екен.
Джон Малуф бәссауда үйі қоймасын реттеу барысында 1960-70 жылдардағы Америка өмірінің тыныс-тіршілігінен сыр шертетін 100 мыңнан астам фотосурет көреді. Олар Вивиан Майерге тиесілі екені белгілі болады. Вивиан қысқа фильмдер түсірумен де айналысқан болып шықты, көшеде алған сұхбаттарын да магнитофонға жазып отырған.
Көпшілік Майер ханымды "Камера ұстаған Мэри Поппинс" (Мэри Поппинс, өздеріңіз білетіндей, балалар әдебиеті жауһарындағы сиқыршы-бала күтуші кейіпкер) деп атаған. Себебі, Вивиан бірнеше отбасында бала күтуші болып жұмыс істеген. Балаларды серуенге алып шыққан кезде көшедегі өмірді суретке түсіріп жүрген екен.
А. Оралқызы