Көпшілік атақты жұлдыздарға қарап мінсіз адам бейнесін көреді. Сізге олардың өмірінде ешқандай проблема жоқ секілді көрінуі мүмкін. Бірақ атақтылардың арасында да өлім аузында бірнеше рет болғандар көп. Өлімге әкелетін ауруларға шалдыққан танымал актрисалар мен әншілерді ұсынамыз.
Памела Андерсон
Атақты актриса С гепатитімен 10 жылдан аса уақыт күресті. Ол оны күйеуі — Томми Лиден жұқтырды: татуировка істеу үшін оның инесін пайдаланған. 2015 жылы Памела гепатитті емдеу үшін эксперименттік дәріге жүгінуді шешеді. Бақытына орай, ол вирусты жеңе алды. Кейін ол бір сұқбатында осындай проблемаға шалдыққан адамдарды берілмеуге және ем курсын өтудің мүмкіндіктерін іздеуге шақырды.
Эмилия Кларк
«Айдаһарлар анасы» 2011 жылы бас миы тамырларының аневризмасымен белсенді күресті бастады. Эмилия инсультті бастан өткерді және екі рет хирургиялық үстелге түсті. Ол бір сұқбатында 2013 жылы өлім аузында болғанын айтты. Оның себебі миға қан құйылу болды. Қазір актрисаның денсаулығы біртіндеп қалыпқа келуде.
Кайли Миноуг
Австралиялық әнші Кайли Миноуг — қоғамға өз ауруын ашық айтуды шешкен жұлдыздардың бірі. 2003 жылы дәрігерлер оған сүт бездерінің қатерлі ісігі диагнозын қойды. Сол жылы ісікті алды, содан соң әнші химиотерапия курсын өтті. Кайли екі жылдан соң халық алдына қайта оралып, тексерістен жүйелі түрде өту керегін және денсаулықты күтудің маңызы жайлы идеяны кеңінен тарата бастады.
Селена Гомес
Бірнеше жыл бұрын Селена Гомесқа ауыр аутоиммунды ауру — жүйелі қызыл жегі диагнозын қойды. Ол буындар ауыруын, температураның көтерілуін, денеде бөртпе пайда болуын шақырады.
Денсаулықты қалыпқа келтіру үшін әнші химиотерапияның бірнеше курсын өтті, ал 2017 жылы бүйректі ауыстырып орналастыру отасын жасатты. Айтпақшы, Селенаның донері оның жақын құрбысы — Франсия болды: ол «Табысқа жет 3: Бәрі немесе ештеңе» фильміндегі Лети рөлімен танымал.
Анджелина Джоли
Голливудтық актриса операция үстеліне бірнеше рет жатып шықты. Алдымен оған қос мастэктомия, яғни сүт безін алу операциясын жасаған, ал кейінірек аналық безі мен фаллопий жатыр түтігін алып тастаған. Мұндай батыл шараға Анджелина сүт безі қатерлі ісігі қаупін азайту үшін барады. Себебі бұл ауру оның отбасысында тұқым қуалау арқылы беріледі, оның пайда болу мүмкіндігі өте жоғары болды.
Бірнеше жыл бұрын актрисаның анорексиямен қиналатыны жайлы ақпарат тарады. 2017 жылы ол анасынан айырылып, депрессияға ұшырады және тамақ жеуді қойды. Оның салмағы 35 килограмға түскенде ол ауруханадан бір шықты. Бірақ дәрігерлер көмегінің арқасында ол өз денсаулығын қалпына келтіре алды және бұрынғы қалпына келді.
Джулия Робертс
2002 жылы акрисаға тромбоцитопения диагнозы қойылды. Бұл қанда тромбоциттер мөлшері бірден азайып кететін өте сирек кездесетін ауру. Тромбоцитопенияның пайда болуына өте көп жүктемелер мен бұрын өткерген жұқпалар ықпал етеді. Аурудың салдарынан денеде үнемі көгерген жерлер пайда болады. Қазір Джулия денсаулығымен белсенді айналысады және басқаларға өз сезімдерін тыңдаудың маңыздылығын жиі айтады.
Анастейша
Анастейшадан 34 жасында сүт безі қатерлі ісігін анықталды. Ол бір сұқбатында бұл ақапараттан соң ұзаққа дейін не істеу керегін түсінбегенін мойындады.
2003 жылы Анастейша оперцияға келісім беріп, сүт безінің бір бөлігін алдыртып тастады. Бірақ 10 жылдан соң ауру қайта білінді. Кейін әнші сүт безі қатерлі ісігін зерттеуді қаржыландыратын фонд ашты. Әнші ауруды жеңе алды.