13 қазан күніМонте-Карлода (Монако княздығы) б.з.б 594-588 жылдарда ежелгі мысыр папирусына жазылған Өлілер кітабыныңкөшірме нұсқасы бәссаудада сатылды. Кітап 192 тараудан тұрады және 17 метрлік папирусқа жазылған. Көне жәдігер қара және қызыл түсті суреттермен безендірілген. Суреттерде Осирис сарайындағы өлгендердің жаны мен соңғы өмірі бейнеленген. Ежелгі Египет әдебиетінің бұл үлгісі осы уақытқа дейін Францияда тұратын азаматтарға тиесілі болып келген. Папирусты аты аталмаған жеке коллекционер бәссаудада 1,35 миллион еуроға сатып алған. Сарапшылардың пікірінше, кітап өте жақсы сақталған. Айта кетейік, ежелгі Египеттегі Өлілер кітабы өлген адамға о дүние сынағынан сүрінбей өтуге көмектесу үшін қабірге қойылған Мысырдың ұрандары мен діни мәтіндерінің жинағы. Өлілер кітабының әртүрлі көшірмелері ұзын поэтикалық гимндерден бастап біртұтас сиқырлы формулаларға дейінгі әртүрлі, жүзден екі жүз тарауға жетеді. Өлілер туралы кітап деген атауды египетолог Р.Лепсиус берген, бірақ оның түпнұсқа атауы -Рау ну пэрэт эм хэру. АудармасыКүннің жарығына жету туралы тараулар дегенді білдіреді. Ендеше кітапты Қиямет кітабы деп атаған дұрыс.