- Негізгі бет
- Мәдениет
- Нью-Йорктегі балмұздақ мұражайы...
Нью-Йорктегі балмұздақ мұражайы
2016 жылы Мэриеллис Банн және Маниша Вора есімді қыздар Нью Йорк қаласында алғаш рет балмұздақ мұражайын ашты. Қазір ол келушілер саны ең көп мұражайлар қатарында.
Мұнда әдемі қондырғылармен қатар, келушілерге әрдайым көптеген тәттілер ұсынылады. Бірақ, келушілер көңілін үнемі мұражайдың негізгі интерактивті экспозициясы, яғни, жасанды кондитерлік ұнтақтан жасалған бассейн жаулап алады.
Мұражай бірнеше тематикалық залдардан құралған. Сиқырлы тәттілер бақшасынан бастап кәмпит үңгіріне дейін. Көрмені құрушылар келушілерді балмұздақ әлеміне бойлату үшін бәрін жасаған. Мысалы, келушілер мұражайдың кәдесый дүкенінде сатылатын түрлі балмұздақ түрлерін сатып ала алады.
Мұражай кеңістігі поп-ап-мұражай форматында жұмыс істейді. Мұндай шоуды Лос-Анджелес, Сан-Франциско және Майамиде де жүзеге асты. Аталған қалаларда бір де бір билет қалмай түгел сатылған. Балмұздақ шаһарының АҚШ-тың келушілер саны ең көп мұражайлар ондығына кіруі тегін емес. Осыған байланысты, NYMag басылымы Мэриеллис Баннды «Миллениалдар дәуірінің Уолт Диснейі» деп атады.
А. Оралқызы