- Негізгі бет
- Мәдениет
- Мың долларлық банкнот...
Мың долларлық банкнот 2 миллион долларға сатылды
Балтимор қаласындағы "Stack’s Bowers Galleries" бәссауда үйі тарапынан өткізілген бәссаудада ерекше мың долларлық банкнот 2 миллион долларға сатылды.
1890 жылы басылған купюраны артқы бетіндегі жол-жол нөлдердің түсіне байланысты "Үлкен қарбыз" (Grand Watermelon) деп атаған. Ал банкноттың алдыңғы бетінде АҚШ-тағы азаматтық соғы кезінде "Геттисберг үшін" шайқаста генерал Лиді тас-талқан етіп жеңген генерал-майор Джордж Гордон Мидтің суреті бейнеленген.
Коллекционерлерде осындай банкноттың бар-жоғы 7 данасы ғана бар екендігі мәлім. "Бұл банкнот ең ерекше және сұранысқа ие банкноттардың бірі", – деді аукцион үйінің директоры Брайан Кендрелла. Оның айтуынша, жеке жинақтарда бұл брошюралардың үшеуі сақталып, сатылған банкнот солардың арасындағы ең жақсысы екен.
Мың долларлық банкнот 2005 жылда да сатылған. Сол кезде ол 1 миллион доллардан жоғары бағаға сатылған алғашқы купюра болған еді.
Т. Раушанұлы