- Негізгі бет
- Мәдениет
- Музейден құны миллиондаған...
Музейден құны миллиондаған еуро тұратын көне алтын монеталар ұрланды
Ұрылар Баварияның Манхинг қаласындағы Кельт-рим мұражайына кіріп, ол жерден ең құнды жәдігер – құны миллиондаған еуроға бағаланған 483 алтын монетаны ұрлап кетті, деп хабарлайды немістің Deutsche Welle ақпараттық қызметі.
Полицияның мәліметінше, бұл XX ғасырда табылған кельт жерінен шыққан ең үлкен алтын қазына. Жалпы салмағы шамамен 4 кг болатын монеталар 1999 жылы Рим империясы кезеңіндегі кельттердің бекініс қаласы болған Манхингтен қазба жұмыстары кезінде табылған.
Баварияның ғылым және өнер министрі Маркус Блюме: «Кельт қазынасының жоғалуы – апатпен барабар, алтын монеталар біздің тарихымыздың дәлелі ретінде таптырмайтын нәрсе», - деді.
А. Оралқызы