Майкл Джексон 1983 жылы арнайы Motown 25 телеарнасында Billie Jean әнін орындау үшін дайындық кезінде Florsheim маркалы аяқ киім киіп жүрген. GWS аукционы комитеттерінің мәлімдеуінше, алғаш рет поп патшасы сахнада атақты backward-sliding биін орындаған кезде аяғында осы бәтеңке болған. GWS аукцион иесі Бриджит Крустың сөздеріне қарағанда бәссаудада 10 мың доллар тұратын аяқ киім сатылымға шығарылады. Аяқ киімдердің иесі хореограф және биші Лестер Уилсон. Лестер дайындықтан соң аяқ киімдерді Майкл оған берген екен. Аукцион ұйымдастырушылары әншінің хаттарын зерттей келе, Джексон бұл аяқ киімді арнайы билерді орындау кезінде ғана киген болуы мүмкін деген пікірді алға тартып отыр. Себебі хатта Джексон аяқ киімдерін сиқырлы бәтеңкелерім деп атаған.