«Massaget» үйреткен 7 жетістік

«Massaget» үйреткен 7 жетістік
Фото: massaget.kz

Массагет – 5 жылдық тарихы бар, көптеген журналист болуға талпынған түлектер мен студенттердің арманы болған орта. Сайттың жұмыс күші 10 адамнан тұрады. Кейде одан да аз. Бірақ талап қатаң, жұмыс барысы ерекше.

Осы бір сайтты 1 курсқа түскен күннен бастап армандадым. Жиі кіріп ақпарат аламын. Блог жазуды әдетке айналдырдым. Арманға жету үшін күрестім. Ақыры арман арада 4-5 жыл өткен соң барып орындалды. Бірақ дәл уақытында келген секілдімін. Іштей «сайт деген не, жазасың, қайтасың» деп түйсем керек, МҮЛДЕ ОЛАЙ ЕМЕС ЕКЕН!

Мен 1 жылға толмаған уақыт ішінде «Massaget» үйреткен 7 жетістігіммен бөліскім келіп отыр:

Әзілі жарасқан ұжым

Жұмыста ең қорқынышты дүние бастық және ұжыммен келісе алмай қалу. Ал мұнда олай емес. Ара-тұра болмаса, тегінен жастар. Жалынды жастар. Кілең сен тұр, мен атайындар. Әзіліміз жарасып, әңгіме айта отырып, жұмыс жасаймыз. Көңіл тоқ, қарын тоқ. Жұмыс жасауға енді не кедергі? Ең ақыры бастық та жас. Идеялар төгіліп жатады. Шетінен ішіп аламыз.

Жылдам әрі сапалы жұмыс жасау

Өзі асығып жүретін адаммын. Бірақ жұмысқа келгенде жалқаулық бар еді. Осы ортаға келгелі жұмысты тез әрі сапалы жасауға үйрендім. Себебі күніне әр контент-менеджер 4-6 материал жазып, халықты танымдық көкжиекпен сусындатып отырады. Басында "күніне 4 материал деген не тәйірі" деп кірісіп едім. Сөйтсем идея да таусылатын дүние екен ғой) Ақыры міне енді білек сыбана жан-жақты ақпарат іздеп қана қоймай, соны жазуға дағдыландым. Массагет уақытты қалай ұтуға болатынын және қалай тез әрі сапалы жұмыс жасауға үйрететін әрі айлық беретін орта.

Жастардың ортасы

Сайттың ұжымы ғана емес, оқырмандары да жастар. Жастармен бірге жұмыс жасау, замандастарыңмен қатарлас отырып көп ойды талқылау өте қызықты. Олардың ойларын тыңдап, блогтарына жауап бере отырып, талдау жасау нағыз бір жұмыстың қызған шағы.

IT журналистиканы меңгеру

Ары кетсе жеке парақшада отырып алып пост жазуға ғана шамасы жететін адамдар үшін бұл жерде отырып, журналистиканың дамыған технологиясымен танысуға, онымен жұмыс жасауға үлкен мүмкіндіктер жасалған. Сайтты қалай жүргізу керек, қалай жұмыс жасау керек, жарнама, әлеуметтік желінің қыр-сырын бәрін үйренесіз.

Армандар орындалатын жер

Нағыз кәсіпқой журналсит боламын деген адам үшін бұл жер нағыз орта. Студия, микрофон, радио, тікелей байланыс, жазу, сызу... Бәрі бар. Одан қала берді адамдармен тығыз жұмыс жасау, ұлы тұлғалармен кездесу, олармен сұқбат жасау бәрі де осында орындалады. Түрлі арналармен, сайттармен тығыз қарым-қатынас орната отырып жұмыс жасайсыз. Бір сөзбен айтқан кезде арманның қайығын отырсаңыз, желкені осы орта бола алады. Кепілдік беремін.

Бәсекелестік

Ұжымда тегінен жақсы қызметкерлер жұмыс жасайтындықтан, олармен іштей бәсекеге түсесің. Себебі сайтта пікір және көрілім дейтін дүние бар. Ол дүние әрбір контент-менеджер үшін мотивация. Сондықтан болар іштей ешкім сырттай айтпаса да өзінің жазған еңбегін бағаласа екен деп жұмыс жасауға талпынады. Ал өсудің басты ерекшелігі бәсекелістікте екені айтпаса да түсінікті.

Шағын отбасы

Жұмысыңды сүю және оған асығу бір ғанибет нәрсе. Массагет – шағын отбасы. Бәріміз бір-бір үйдің еркелеріміз. Алдымыз ана, әке атанған. Бірақ сонда да біз бір үйдің баласындаймыз. Көрмесек сағынамыз, іздейміз. Көмек көрсету деген сөз болған емес. Алалық болған емес. Содан болар бір-бірімізді көрсек ағайындарымызды көргендей қуанамыз. Ал шағын отбасының бір жерде жұмыс жасауы нағыз береке мен бірліктің ортасы.

Жетістікке жету үшін елдің алды не арты болып қалудың қажеті жоқ. Қазаны ұжымдаса қайнаған ортада жүріп-ақ тау қопаруға болады. Тек сіз сол ортаны сүйесіз бе, бұл өте маңызды!

М. Ақан