Портлендтік (АҚШ) Мелисса Рэйчел Блэк есімді суретші 7 жылдан астам уақыт бойы Гамми аю формасындағы мармеладтарынан әдемі суреттер құрастырып келеді.
Өзінің айтуы бойынша, көрмеге келген адамдардың жасы да, кәрісі де картиналардың тәттіден жасалған естіген сәтте балаша қуанады екен. Бұл істі одан әрі жалғастыруға себепші болып отырған да осы көрермен көңілі болса керек.
"Юмор мен елгезектік менің жұмысымда басты рөл атқарады. Менің картиналарыма үңілгеннің әрқайсысы өзін жақсы сезінсе деймін. Бұлар ұлы туындылардың туындысы, оларға қатысты балалық көзқарас болғанымен, мен жұмыстарыма тереңдік беруге тырысамын. Байқампаз көрермен суреттерде айтылған ой мен қазіргі өмір арасынан параллель көре алады. Мысалы, Обаманың портретін мен әдейі еріттім. Өйткені, қазіргі саяси жағдай кім-кімді болса да әлсіз етіп отыр. Бірақ бұл жайт еңсені түсірмей, керісінше, менің картиналарымды көрген адамдар жақсы өзгерістерге талпынса деген ниет бар ", - дейді Мелисса.