Әлемде нақты тіркелген, тәуелсіздік алған, жері, халқы, елтаңбасы мен әнұраны бар елдердің саны екі жүзге таяу. Бұл мәдениетаралық көзқарастың да ауқымын көрсетеді.
Мәдениет – адам баласының бойындағы ең асыл құндылық. Ал әрбір адамның құндылықтары жиналып келіп бір елдің мәдениетін құрайды. Мәдениет арқылы бір елді жаулап алуға болады. Сенесіз бе?!
Мәдениетті түрде сізді жеңе білген болса сіз өзіңізді ешқашан жеңімпазбын деп атамаңыз. Өйткені асыл құндылықтар арқылы бір елді жаулап алу ешқандай заңға бағынбайды. Оның жазасы да болмайды. Қалай деуіңіз мүмкін, көз жүгіртіп көрелік.
Еуропа. «Кәрі құрлық» деп те аталады. Кәрі құрлықтың мәдениті Орта Азияға сіңісіп, ендігі арылмас дертке айналып бара жатқаны өтірік емес. Еуропа бізді брендтерімен, еркіндігімен жаулап үлгерді. Ал оларға мәдениетті түрде «мода» дейтін атау берді. Мода деп әлем таласа-тармаса арпалысып жатқан мәдениеттен сіз де қалыс қалмауыңызды айтамыз. Жыл сайын кәрі құрлықта жүздеген киім үлгісінің көрсетілімі болады. Араға аз уақыт салып ол киімдер сіздің есігіңізден де енеді. Жыртық шалбар, екі түрлі аяқ киім, суреттері өзіңізге түсініксіз жейделер, тағысын тағы сол секілді мәдени-әлеуметтік, күнделікті қажеттілікті тудыратын нәрселер. Сіз аталған «мәдени жаулауға» қарсы келе алмайсыз. Өйткені сіздің айналаңыздағы ортаңыз қабылдап қойды. Ал қоршаған ортаңыздан бөлек өмір сүру оңай ма?!
Тіпті арыға бармай-ақ кәрістерді алыңыз. Өздері бір түбек қана. Екіге бөлініп кеткені болмаса солардың бірі қарумен, бірі мәдениетпен әлемді жаулап отыр. Қазір әрбір қазақстандықтардың үйіндегі көгілдір экранда міндетті түрде кәріс сериалдары жүреді. Негізгі бағыты – отбасылық тәрбие мен тарихи жәдігерлер. Сериалды түсіру кезіндегі ұтқырлықтары тарихи дүниелер арқылы қандай ұлы халық болғандарын, өздерінің кім екендерін көрсетеді. Сіз олардың тарих кітабын ашпай-ақ сериалдары арқылы мәдениетін сіңіріп үлгересіз. Сізге ешқандай қысым немесе салмақ салмай-ақ, сериалын ғана ұсынып отырған кәріс халқына қарсы дау айта аласыз ба?! Жоқ. Аталған сериалдардың ішінде сіз және өзгелер білетін «Ханзада Жумонг», «Қайсар ханша» сынды тұлғалық қасиеттері бар кейіпкерлер де жетерлік. Өзіңздің мәдениетіңізде де осындай тарихи тұлғалар, сәттер бар екенін біле тұра өзгенің мәдениетіне елітесіз. Ал бұл жауланудың ең бірінші бөлімі.
Ешбір елді алдына түсірмей қарқынды дамып келе жатқан жапондарды алайық. Техникасы өз алдына, ал олардың мәдниетті жаулау әдісі мыңдаған сериалдарға созылып жатқан «анимелері». Аниме – анимациялық мультфильмдер ішіндегі ең көп қаралатын, жиі талқыланатын, адамға әсер ету күші бар дүние. Анимедегі әрбір кескін, кейіпкер, ғимараттар мен әрекеттер жапонның тарихы мен олардың қандай ел екені жайында ақпарат береді. Ал оны сіз байқамайсыз да. Тек ұзағынан созылған сериалдарға байланып қаласыз. Ал сол елдің сериалын жан қалауыңызбен көре тұрып жапондар мені «жаулап» алды деп айта алмайсыз. Амалыңыздың жоқтығы – сіздің өз мәдениетіңізді таныта алмағаныңызда.
Қазақтың мәдениеті тамыры тереңде жатқан үлкен бәйтерек секілді. Тек оның әрбір жапырағы гүлдеп, әр бұтағы өркендеу үшін жаңа заманның заманауи көзқарасына ілесе жүру керек. Бізде де өзге елді жаулап алуға болатын мәдениетіміз жеткілтікті. Соның ішіндегі «жеті ата» ұғымы, «тек» сынды қасиеттер біздің тілкей қанымыздағы мәндени шоғыр саналады. Ал оны жарыққа шығару, жапондар секілді әрлеп, кәрістер секілді сәндеуге, кәрі құрлықтай санаға сіңіріп жіберуге ғылым мен біліміміз әлі де болсын кенжелеп тұр.
Жас ұрпақтың алдына қойылатын талап та осы: әлемді ендігі жерде білектің күшімен емес, білімнің күшімен жаулау керек. Ал жаулап алудың ең әдемі және бейіт түрі «мәдниетпен жаулау».