Christie’s бәссауда үйі Леонардо да Винчидің "Аюдың басы" аталатын туындысын бәссаудаға шығармақ. Лот 12 мың фунт стерлингке (7 миллион теңге) бағаланған. Небары 7х7 сантиметрлік кішкентай сурет осыған дейін бірнеше рет түрлі музейге қойылды.
Christie's өкілі айтуынша, бұл италиялық Ренессанс шеберінің жеке қорда сақталып келген бірнеше суретінің бірі. Эскиз бұрын британиялық суретші әрі коллекционер Сэр Томас Лоуренске тиесілі болған, содан кейін 1860 жылы Christie's үйінде 2,50 фунт стерлингке сатылған.
Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылы Christie’s бәссауда үйі саудаға "Әлемді құтқарушы" аталатын өте сирек кездесетін бағалы лотты шығарды. БАҚ оны Леонардо да Винчидің соңғы картинасы деп жазды. Жеке коллекцияда сақталып келген туынды басында $100 миллионға бағаланды. Бірақ жаңа қожайын оны $450,3 миллионға сатып алуы арқылы рекордты баға бекітті.
Қазіргі таңда "Әлемді құтқарушы" ел аузындағы картина болса да, да Винчи авторлығы дәлелденбеген.
1499 жылы салынған осы сурет туралы: "Аукцион сарапшылары үшін бұл картина Қасиетті Граальдан да бағалы",– деген болатын Christie’s бәссауда үйінің өкілі Лоик Гузе.