Жаңа жыл қарсаңында Бейжің шет тілдер университетінің мәдениет залын күмбірлеген домбыра үні тербетті. Шараға қос ішекті аспапты шерте алатын кез келген студентке қатысуға мүмкіндік берілді. Талап бойынша, өнерпаздар алдымен күйдің шығу тарихын баяндап, содан кейін шығарманы орындады. Бұл көркем әдеби сөз саптауға септігін тигізеді, дейді ұйымдастырушылар. Сонымен қатар, жастар арасында түрлі музыкалық аспаптарды шертетін өнерлі қыз-жігіттер көп. Мақсат, сол дарын иелерін сахнаға шығарып, ұлттық дәстүрімізді дәріптегіміз келді, дейді шараны өткізген, Бейжің қазақ жастары бірлестігі. Мерекелік шараға қонақ ретінде қытайлық музыка аспабында ойнайтын өнерпаздар да қатысты. Күмбірлеген домбыраның қоңыр күйіменен 2018-дің қақпасын ашып, өзімізге тиесілі бір жылды қарсы алу үшін осындай шара ұйымдастырдық. Күй шерте алатын күйшілерге осындай сахна жаратып беріп, соларды сахнаға баулу, тіпті де жоғары деңгейге көтеру үшін осындай шағын қимылмен қамдап отырмыз,- дейдіБейжің почта және телекоммуникация университетінің студенті Айбек Көркемұлы. 24.kz