ЮНЕСКО ұйымының Боготада (Колумбия) өткен 14-сессиясында Косов керамикасы адамзаттың мәдени мұрасы тізіміне енгізілді.
Бұл Украинаның Ивано-Франков облысына қарасты Косов (украинша – Косів) қаласындағы шеберлер жасайтын керамика ендігіне аса құнды мұра ретінде қорғалады деген сөз.
Мұндай көркем керамикалық бұйымдар осы аймақта орналасқан Куты және Пистынь ауылдарында да жасалады екен.