Мамыр айында 31 арнада рейтингі жоғары бағдарламалардың бірі «Келіндер бəйгесінің» үшінші маусымы экранға жол тартады. Бұл жолы жоба ұйымдастырушылары Қазақстанның Түркістан, Қызылорда, Талдықорған, және еліміздің Қытаймен шекарадағы аудардарында тұратын қалыңдықтарға баса назар аударған. Сол себепті шоу қызықты болады деген үміттеміз.
Жаңа шығарылымдардан 31 арнаның көрермендері еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс амақтарында ұстанатын салт-дәстүрлерге қанығып, қытайда тұратын қандастарымыздың той ұйымдастыру ерекшеліктерімен танысады. Жобаға қатысушылар саны маусым сайын көбейіп келеді. Мұның өзі көрермендердің 31 арнаға деген қызығушылығы мен сенімі артып келе жатқанын білдіреді. Алғашқы екі маусымда 200-ден аса анкета келіп түскен болса, үшінші маусымда одан екі есе көбейген. Бүгінге дейін ұйғыр-қазақ, корей тойлары түсірілді. Алдағы уақытта басқа да ұлт өкілдерінен құралған жұптардың қуаныштарын түсіреміз деп жоспарлап отырмыз.
Тағы да байқағанымыз, облыстарда үйлену тойына шақырылатын қонақтар саны Алматы мен Астанаға қарағанда əлдеқайда көп, 300-ден 600-700 адамға дейін жетеді. Ал той кортежіндегі көліктер саны – 7-9 шамасында. Оның үстіне, екі астанамыздың тұрғындары үшін жұлдыздар таңсық болмаса, аймақтарда керісінше, эстрада өкілдерін ерекше құрметпен қарсы алады екен.
Бір қызығы, 31 арна қазақстандықтардың тойды кешігіп бастау салтынбұзды десек те болады. Шоу продюсерлерінің айтуынша, жоба басталғалы екі маусым өтіп, үшінші маусымға жеткенде қатысушылар тойларын уақытында бастайтын болған. Тағы бір өзгеріс –құрметті қонақтардың тостын жастар отырып тыңдайтын болды.
Мамыр айынан 31 арнадан «Келіндер бəйгесін» тамашалаңыз!