Күні бойы көрсетілетін қазақша реалити шоуға жасы 18-ден асқан қыз бала қатыса алады. Егер шоу кейіпкері атанғысы келген ару ауылда немесе шағын қалашықта тұратын болса, сондай-ақ үлкен қалаға келіп, өмір өзгертуді армандаса, бұл реалити оған үлкен мүмкіндік көзі болмақ.
Әлеуметтік желі мен адамдармен араласуға ашық жандарды күтеміз. Ол үшін, алдымен, өзіңіз туралы әңгімелейтін видео үзінді түсіріңіз және неліктен сіз осы шоудың кейіпкері атануға лайықты екеніңізді дәлелдей біліңіз.
Өз фотосуретіңіз бен әлеуметтік желідегі парақшаларыңыздың сілтемелерін +7 747 010 2697 нөміріне жіберіңіз.
Шоу туралы қысқаша ақпарат
Қыз қаланы бағындыру үшін ауылдан Алматыға келеді. Бұл қалада оның жұмысы, тұратын жері, оған көмектесе алатын таныстары жоқ. Одан бөлек бастапқы уақытқа керек ақшасы да жоқ. Ол тек сәттілікке ғана сеніп, өз жолында кездестіретін мейірімді адамдардың көмегіне үміттенеді.
Оның Алматыны бағындыруы үшін тек 1 аптасы бар. Ол барлық оқиғаларын телефонына түсіріп әлеуметтік желілерде таратады.
Қыздың шешімі барлық реалити шоулар сияқты болжауға келмейді. Біз қатысушыға роль жазып бермейміз. Ол сол проектте өмір сүреді, күнделікті өмірдегідей шынайы жағдайларға тап болады.