Қазақ Ұлттық хореография Академиясы және Бейжің Би Академиясы (Қытай) ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды деп, хабарлады Мәдениет және спорт министрлігі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Бейжің Би Академиясының президенті Гуо Леймен кездесіп, Қазақстан және Қытай арасындағы мәдениет саласындағы әріптестігінің даму болашағын талқылады.
Бейжің би академиясының президенті Гуо Лей, әсем өнерлер факультетінің деканы Ван Су және хореография факультетінің доценті Ши Бодан тұратын делегацияның сапары Қазақ ұлттық хореография академиясы бойынша экскурсиядан басталды. Қонақтар заманауи балет залдарын аралап, тұрғынжай мен оқу корпусын тамашалады. Сонымен қатар олар қазақстандық хореографтардың сабақтарына қатысып, олардың шеберліктері мен оқыту деңгейлерін бағалады.
Шығармашылық кадрларын даярлаудағы жетекші қытай топ-менеджерлері жұмыс сапарының маңызды оқиғаларының бірі Қазақстан және Қытайдың алдыңғы қатарлы екі хореографиялық оқу орындарының арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюы болды.
Келісім Қазақ ұлттық хореография академиясы және Бейжің би академиясы арасындағы келісім білім беру, шығармашылық және ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыру, оқытушылар мен студенттер арасында тәжірибе алмасу, сонымен қатар оқытушылар, докторанттар мен магистранттар үшін ғылыми тағылымдамалар, соның ішінде академиялық мобильдік шеңберінде, ұйымдастыру мәселелері бекітеді.
Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігі басшысымен кездесу барысында Бейжің би академиясының президенті Гуо Лей студенттер алмасу мәселесіне ерекше назар аудару қажеттігіне тоқталып кетті. Сондай-ақ, қытайлық оқу орнының жетекшісі өз академиясының жұмыс істеу қағидалары, түлектер үшін театр туралы, бүкіл әлем бойынша практикалық қызмет пен филиалдардың белсенді жұмысының маңыздылығы жөнінде айтып берді.
Бейжің би академиясы – Қытайдың әлемдік деңгейдегі хореографиялық оқу орны. Түрлі деңгейдегі 480 педагог қызмет ететін академияда бүгінгі таңда 2000 жуық студент білім алады. Оқу үрдісі негізінен үш бағыт бойынша жүзеге асырылады: олардың қатарында балеттанушы, би режиссеры және би орындаушысы. Бұл оқу орнында тек қытай ұлттық және халық би өнері оқытылып қана қоймай, еуропалық балет өнеріне де ерекше назар аударылады.
Екі мемлекеттің хореографиялық академияларының жуық арадағы ынтымақтастық жоспарларына Қазақ ұлттық хореография академиясының 22-31 қазан аралығында өтіп жатқан Бейжің би академиясы жанындағы «2016 Beijing Dance Performance Series» би фестиваліне қатысуы кіреді.
Фестиваль аясында Қазақстан делегациясы түрлі мемлекеттерден келген оқытушылардың шеберлік сыныптарына қатысу, сонымен қатар балет өнері саласындағы қазақстандық мәдениетті таныту тамаша мүмкіндігіне ие болады.