Қазақ өнерпаздары Еуропа елдерін таңдай қақтырды

Қазақ өнерпаздары Еуропа елдерін таңдай қақтырды
Фото: static.headline.kz

Италияда классикалық музыка фестивалі өтті, – деп хабарлайды 24.kz сайты.

Онда Бақытжан Мұсақожаева жетекшілік ететін «Солистер академиясы» мемлекеттік камералық оркестрдың өнерпаздары қатысты. Отандастарымыз Италияның 3 қаласында концерт қойды. Сондай-ақ шеберлік сағаттарына қатысуға мүмкіндік алды. Қазақстандық өнерпаздар Аустрия халықын да тәнті етті. Олар Венада өткен «Шығыс-Батыс» фестивалінде өз өнерлерін паш етті. Кейін Женева тұрғындарына арналған мерекелік шараға қатысты. «Қазақ елі» тақырыбымен өткен гала-концертте біздің өнерпаздарымыз аянып қалмады. Әсіресе Қазақстан Ұлттық өнер университеті жанындағы музыкалық мектебінің «Айгөлек» скрипкашылары көрерменнің көңілінен шықты. Айман Мұсақожаева, Нұржамал Үсенбаева және Азамат Желтұрғұзовтардың есімі әлемге танымал. Олар қазақ елінің абыройын халықаралық деңгейде танытып жүр.



Е. Жұмабайұлы