Сəбит Əбдіхалықов продюсерлік еткен «Қазақ елі» анимациялық фильмі 19 мамырдан бастап еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетілетін болады.
Елімізден бөлек туынды Ресей, Германия, АҚШ және Біріккен Араб Әмірліктерінде де жергілікті халық назарына ұсынылмақ. Аталған елдердің киномамандары Канн фестивалінде "Қазақ елін" тамашалап, жоғары бағаларын берген.
Туынды елдің тарихы, қазақ хандығының негізін қалаушы Керей мен Жәнібектің елдегі қиын жағдайға қарсы тұруы жайында.