16 наурыз күні Астанадағы «Конгрес Холлда» «Қазақ аруы – 2016» сұлулық байқауы өтеді. Алтыншы рет ұйымдастырылып отырған арулар байқауының шешуші кезеңіне 21 үміткер ілікті.
Байқауға ең жас қатысушының жасы 16-да, ең ересегі - 22-де. Бойжеткендерге қойылған негізгі талаптардың арасында сұлулық, бойының 170 см-ден төмен болмауы, 16-22 жас аралығы, қазақ тілінде сөйлеу, ұзын шаш, қазақ халқының тарихын, дәстүрлерін және салттарын жақсы білуі көрсетілген. Өткен жылы бұл байқауда Қарағанды облысының тұрғыны Кәмшат Қоскелова жеңіске жеткен болатын. Ол басты жүлде - алтын тәж бен автомобильге ие болған-ды. Биыл жеңімпазға автомобиль берілмейтіні белгілі болғанмен, бағалы сыйлық табысталатыны айтылып отыр. Олай болса «Қазақ аруы – 2016» сұлулық байқауының шешуші кезеңінде бақ сынайтын 21 аруды таныстыра кетейік.
Майра Райбай (16 жас, Алматы облысы)
Қарагөз Жүрсін (20 жас, Алматы облысы)
Альмира Ахатова (20 жас, Атырау облысы)
Айжан Байкен (19 жас, Ақмола облысы)
Қазына Әбдірахман (22 жас, ОҚО)
Гүлімай Оразбек (21 жас, Қарағанды облысы)
Жалмұханова Азиза (20 жас, Ақтөбе облысы)
Айзат Қожабаева (20 жас, Павлодар облысы)
Айкүн Макешева (20 жас, ШҚО)
Алма Рымжан (20 жас, Қарағанды облысы)
Арайлым Әкімәлі (19 жас, Қызылорда облысы)
Арайлым Қадырбаева (17 жас, Ақтөбе облысы)
Аяулым Макумова (22 жас, Ақмола облысы)
Назым Темірғазиева (18 жас, ШҚО)
Жасмин Әбдірайымова (18 жас, ОҚО)
Ғайша Дабылова (21 жас, Жамбыл облысы)
Майнұр Омархан (20 жас, Жамбыл облысы)
Жанерке Асланбек (22 жас, Маңғыстау облысы)
Нәзира Айтекенова (20 жас, Маңғыстау облысы)
Феруза Керімбекова (22 жас, Ақмола облысы)
Сәбина Тенбай (18 жас, Ақмола облысы)