Астанада өткен «Қазақ аруы – 2016» байқауында атыраулық Альмира Ахатова жеңімпаз атанды. Бұл туралы tengrinews.kz сайты хабарлап отыр.
Алтыншы рет ұйымдастырылған «Қазақ аруы» байқауында бірінші және екінші орындарды Ақмола облысының арулары Сәбина Тенбай мен Аяулым Макумова жеңіп алса, үшінші орынды қарағандылық ару Гүлімай Оразбек иеленді. Ал 2016 жылғы байқауда жеңімпаз атанған Альмира Ахатова алтын тәжді басына тақты.
Байқаудың әділқазылар алқасы құрамында сенатор Бірғаным Әйтімова, продюсер Баян Есентаева, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Майра Мұхаммедқызы, Астананың мәдениет басқармасының басшысы Болат Мажағұлов, "Хабар" телеарнасының бағдарламалар өндірісі дирекциясының бас продюсері Ринат Кертаев, байқаудың 2014 жылғы жеңімпазы Гүлназ Жоланова, дизайнер Аида Қауменова, боксшы Данияр Елеусінов және т.б. болды.
Байқау үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезең - қатысушылар қазақстандық дизайнерлердің кешкі салтанатқа киетін киімін көрсетсе, екінші кезеңде қыздар қазылар алқасына өз өнерлерін танытты. Үшіншісі - зияткерлік, қыздар қазақтың ұлттық салт-дәстүрі жайлы сұрақтарға жауап берді.
Еске салайық, 2015 жылы "Қазақ аруы" байқауында қарағандылық ару Кәмшат Қоскелова жеңімпаз болған еді.