Әдетте мұражайға бару туралы сауал қойылса, жастардың көпшілігі оның іш пыстыратынын айтып ат тонын ала қашады. Ал, "Картина түсті адамдар" жобасы осы қате көзқарасты өзгертуге көмектесері анық.
Француз фотографы Стефан Драшан мұражайларда зерікпейтін сирек адамдар қатарына жатады. Себебі, "Картина түсті адамдар" жобасының авторы осы кісі.
Фотограф жобаның әлем бойынша танымал болуына өзінің төзімділігі бірінші себеп екенін айтады. Кейде ол қажетті сюжетті табы үшін арт кеңістіктерде сағаттап отыра береді екен. Драшанды бұл ешқашан жалықтырған емес. Есесіне, нәтижесі қандай?!
Жоба Париж, Вена мен Берлин қалаларында орналасқан галереяларда түсірілген. Егер осы қалаларға жолыңыз түсе қалса, сіз де тырысып көріңіз. Мүмкін бұдан да қызық дүние шығып қалар.