- Негізгі бет
- Мәдениет
- Жуырда 2014 жылмен...
Жуырда 2014 жылмен «фотоқоштасу» өтеді
Өміріміздің маңызды сәттерін болашақта еске алу үшін суретке түсіреміз. Бір жылда кез келген адамда көптеген суреттер жиналатыны сөзсіз. Осы жылғы маңызды, көңілде бір сезім қалдырған сәттерді бейнелейтін суреттеріңізбен бөлісуіңізге болады. Ол үшін кәсіби фотограф болу міндет емес. Ең бастысы, өзіңіз үшін суреттің маңызы болуы керек.
Суреттеріңізді 10.00 ден 19.00-ге дейін People's cafe атты жерге алып келіп, ілуге болады. Сағат 19.00-ден бастап шараның негізгі бөлімі басталады, яғни музыканттардың орындауындағы кішігірім концерт, үздік суреттің анықталуы, марапаттау.
Қатысудың шарттары:
− 2014 жылда түсірілген бір немесе бірнеше сурет (мысалы, қызықты не маңызды сәт, жылда түсірілген ең үздік суретіңіз);
− суреттің екінші жағына аты-жөніңізді немесе лақап атыңызды жазу (тілек жазуға да болады);
− суреттерді киім кептіретін жіпке іліп, қыстырғышпен қыстыру;
− өзгелердің суреттерін көріп, ұнатқандарыңызды белгілеу;
Шара аяқталған соң кез келген ұнатқан суретті алып кетуге болады. Көп адамның көңілінен шыққан сурет People's cafe-ден жүлдеге ие болады.
Сонымен қатар жылдың соңына дейін ең үздік сурет аталмыш кафенің витринасында ілулі тұрады.
Бұл шара 14 желтоқсан күні өтеді. Нақты мекенжайы: Алматы қаласы, Достық Плаза сауда орталығы (Достық және Жолдасбеков көшелерінің қиылысында), 3 қабат, People's cafe кафесі.
Сурет: vk.com
Ф. Абилова