- Негізгі бет
- Мәдениет
- Жұлдызды баланы қалай...
Жұлдызды баланы қалай тәрбиелеуге болады?
"Өз ойым" бағдарламасының ІІ маусымында "Жұлдыз туған аналар" тақырыбы қозғалды.
Қонаққа Бекзат Саттархановтың анасы Сырлыгүл ханым, Данияр Елеусіновтің анасы Ғалия ханым және ағайынды Жүгінісовтердің анасы Айнұр Жүгінісова болды. Бағдарлама барысында Сырлыгүл ханым Бекзат Саттарханов жайлы естеліктерімен бөлісті.
"Бекзат-мектепте бұзық болмады. Оның мінезі қыз сияқты болды. Көшеде гүл өсіп тұрса, сол гүлді маған алып бер деп жылайтын. Мен одан боксшы шығады деп ойлаған жоқпын. Ол мектептегі жанжалдың барлығын тек ақылмен шешетін",-деді өз сөзінде. Спортшы Данияр Елеусіновтың анасы Даниярдың балалық шағын күліп есіне алды. "Мен Данияр үшін күнде сабаққа баратынмын. Оның мектепте жасаған бұзақылықтары үшін мектеп директоры күнде шақыратын. Мектеп пен үйіміздің арасы жақын болатын. Бір күні мен Даниярға егер мектеп директоры тағы шақыратын болса, онда көшуге мәжбүр боламыз дедім"-,дейді. Бағдарлама барысында танымал ағайынды әншілердің анасы Айнұр ханым бала тәрбиесіне тоқталды. Ол балаларының өнерге жақын болғандығын біліп, тек қана шығармашылық жаққа шыңдаған. "Өзіңізден жоғары бала тәрбиелегіңіз келсе, айтқаныңызды істетем деп тырыспаңыз!Баланы еркін өсіру керек.Баланың неге бейім екенін анықтағаннан кейін тура сол жолда өсуіне көмектесу керек",-дейді ол.
Қарапайым баладан ел мақтанарлық жұлдыздар шыққан аналар жайлы келесі бағдарлама дүйсенбі күні тікелей эфирде көрсетіледі. Бағдарламаға спортшы Бейбіт Шүменов, ақын Дәулеткерей Кәпұлы, Жадыра Сахиева және Мұхтар Ниязовтың аналары келеді. Олай болса танымал жандардың балалық шағын аналарынан білейік.
Түрлі әлеуметтік тақырыптарды қозғайтын бұл ток-шоу әлі талай қызықтарға толы. Жоба авторлары тағы қандай тосын сыйлармен қуантпақ? Оны өздеріңіз көре жатарсыздар. Өткізіп алмаңыздар, әр дүйсенбі-жұма күндері Жетінші арнада "Өз ойым" бағдарламасы. Бұл шоуда әркімнің өз ойы бар!
А. Оралқызы