Париждегі Artcurial бәссауда үйінде жазушы Эмиль Золя түсірген фотосуреттер топтамасы 370 мыңға сатылды. Бұл баға бәссауда ұйымдастырушыларының болжамынан екі есе көп болып шықты. Эмиль Золяны көпшілік жазушы және әйгілі Дрейфус ісіне қатысты жазған Мен айыптаймын мақаласының авторы ретінде ғана таниды. Бірақ, оның соңғы 8 жылы фотоөнерге деген үлкен махаббатқа толы болғанын біреу білсе, біреу білмейді. Оның ондаған фотоаппараты болған. Оның 3 үйінің үшеуінде де арнайы жабдықталған фотостудия болған. 7000-нан астам сурет түсіріп үлгерген жазушы портрет, пейзаж сынды түрлі жанрларда жұмыс істеген. Оның нысанына Сена өзеніндегі кемелер, Эйфель мұнарасы, сығандар және т.б. түскен. Суреттер топтамасы жазушының немересі Франсуа Эмиль-Золяның үйінде сақталып келген. Оған мұндай құнды қазына әкесі Жак Золядан мұраға қалған. Саудаға фотосуреттер, фотопластиналар, құрылғылармен қоса, суреттерді басып шығару кезінде жазушы киген халаттар да қойылған. Париждегі д'Орсемұражайы 1897 жылғыДениза мен Жак. Ақиқат тарих атты альбомды сатып алды. Ал, әйнек фотопластина Францияның архитектура және ұлттық игіліктерқорына енді. Эмиль Золя суреттер түсіру кезінде түрлі тәжірибелер жасауды әдетке айналдырған. Мысалы, ол жасаған авторпорттер қазіргі селфидің пайда болуына алғышарт ретінде қарастырылады. Artcurialбәссауда үйінің басшысы Антуан Роман жазушының өзіндік ерекше көзқарасы болғанын айтады.