Нью-Йоркте өткен Christie's бәссаудасында жасанды интеллект салған сурет $ 432 мыңға сатылды. Картина Эдмонд де Белами портреті (2018) деп аталады. Лот алғашында максимум $ 7-10 мыңға бағаланған екен. Ұйымдастырушылар хабарлауынша, бұл туынды ойдан шығарылған Белами отбасы туралы серияға жатады. Суретті салған жасанды интеллектті париждік Хьюго Каселлес-Дюпре, Пьер Фотрель мен Готье Верньер есімді жігіттерден құралған Obvious тобы жасаған. Картина салуға кіріспей тұрып, XIVXX ғасырларға тиесілі 15 000 туынды зерттелген екен. Хьюго Каселлес-Дюпре, Пьер Фотрель мен Готье Верньер Портрет салу үдерісіне негізгі екі нейрожелі қатысқан. Бірі генератор (суретті салушы), екіншісі дискриминатор (оның көшірме еместігін қадағалаушы). Яғни, жасанды интеллект осыған дейін өзі зерттеген суреттерге сүйене отырып портрет салады, ал дискриминатор оның жаңа өнер туындысы екеніне көз жеткізеді.