- Негізгі бет
- Мәдениет
- "Жаңа заманның жаңғырған...
"Жаңа заманның жаңғырған мектебі" атты журналистік байқау өтеді
"Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы "Жаңа заманның жаңғырған мектебі" атты республикалық журналистік байқау жариялайды.
Байқаудың мақсаты
Байқаудың мақсаты – қазақстандық жиырма бірінші ғасыр мектебіне ақпараттық қолдау көрсету: отандық және халықаралық үздік тәжірибелерді үйлестірген инновациялық мектептер құру, білікті мұғалімдер мен ұжымдардың кәсіби жетістіктерін еліміздің орта білім беру жүйесіне енгізу, қазақстандық мектептерді жаһандық білім кеңістігіне енгізу.
Байқауға 2017 жылғы 1 маусым және 2018 жылғы 1 маусым аралығында қазақстандық және шетелдік БАҚ-та жарияланған талдамалық материалдар қабылданады.
Қазылар алқасы
• Александр Тараков – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ директоры;
• Бауыржан Омаров – Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары;
• Сабит Малдыбаев – «Казахстанская правда» республикалық газеті бас редакторының орынбасары;
• Айдос Турысбек – «Хабар» агенттігінің бас продюсері;
• Мира Алипинова – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының баспасөз қызметінің жетекшісі.
Байқау қатысушылары
Байқауға өңірлік, республикалық және шетелдік газеттер, сайттар, порталдар, радиокомпаниялар, телеканалдар мен ақпараттық агенттіктердің тілшілері, журналист-фрилансерлер қатыса алады.
Байқауды өткізу мерзімі
Бірінші кезең – материалдарды қабылдау (2018 жылғы 21 мамыр – 15 маусым)
Екінші кезең – қорытындылау (2018 жылғы 15 – 20 маусым)
Үшінші кезең – жеңімпаздарды марапаттау (2018 жылғы 20 – 28 маусым)
Жеңімпаздарды марапаттау
Байқау қорытындысы бойынша он жеңімпаз бен бес лауреаттың есімі аталады. Барлық жеңімпаздар мен лауреаттар дипломдармен, бағалы сыйлықтармен және кәдесыйлармен марапатталады.
Байқауды өткізу тәртібі
Байқауға әртүрлі жанрдағы материалдар – мақалалар, очерктер, сұхбаттар, талдамалық материалдар қабылданады (баспа материалдың көлемі 12 000 таңбадан аспауы тиіс).
Материалдар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қабылданады. Материалдар өңірлік, республикалық немесе халықаралық БАҚ-та жарияланған немесе эфирге шыққан болуы тиіс. Баспа материалдардың авторлары мақалалардың түпнұсқасын және скрин-шотын (жарық көрген күні, мақала атауымен бірге), Интернет жарияланымдардың – скрин-шотын және сілтемесін, радио және теле материалдарын – электрондық тасымалдағышта скрин-шотымен және сілтемесімен (БАҚ атауы, эфирге шыққан күні) жолдауы тиіс.
Байқауға берілген материалдар рецензияланбайды және қайтарылмайды.
Материалдар 2018 жылғы 15 маусымға дейін қабылданады.
Байқау материалдары төмендегі мекенжай бойынша қабылданады: 010000, г. Астана, 31 көше, 37а, офис 316, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының орталық аппараты, Корпоративтік коммуникациялар департаменті («байқауға» деген анықтаумен) немесе eleuova_a@nis.edu.kz электрондық поштасына жіберілуі тиіс.
Қосымша мәлімет алу үшін төмендегі мекен-жайға хабарласуға болады: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының орталық аппараты, 8 (7172) 23 57 00 (ішкі 1117), 8 702 840 78 82, eleuova_a@nis.edu.kz, Альбина Елеуова