Жыл сайын берілетін "Нобель" сыйлығы апталығы басталғанын алдыңғы ақпаратта хабарлағанбыз. Кеше ғана кезекті химия саласы бойынша лауреаттар жеңімпаз атанды. Бұл сала бойынша 2017 жылғы Нобель сыйлығын "ерітіндідегі молекулалар құрылымын анықтауға арналған криоэлектронды микроскопия" еңбектері үшін швейцариялық Жак Дебуши, америкалық Йоахим Франк және Ұлыбритания ғалымы Ричард Хендерсон иемденді.
Жак Дебуши 1942 жылы Швейцарияда дүниеге келген. Базель және Женеве университеттерінде докторлық диссертациясын қорғаған. Қазір Лозанна университетінің профессоры.
Йохаим Франк 1940 жылы Германияда дүниеге келген. АҚШ-тың Колумбия университетінің профессорлар кафедарсының қызметкері.
Ричард Хендерсон 1945 жылы Ұлыбританияда дүниеге келген. Доктор атағын алған ғалым.