Химия саласы бойынша 2018 жылғы Нобель сыйлығының иегерлері белгілі болды. Биыл бұл мәртебелі марапатқа Фрэнсис Арнольд, Джордж Смит және Грегори Винтер ие болды. Фрэнсис Арнольд зерттеуі ферменттер (тірі ағзалардың денесінде болатын, ағзада химиялық реакцияға көмектесетін күрделі органикалық заттектер) дамуына бағытталған. Ал Джордж Смит пен Грегори Винтердің зерттеу еңбектері фагты дисплей бойынша жүзеге асатын пептид пен антидене жұмысына арналған. 2018 жылғы Нобель сыйлығын ресми түрде табыстау рәсімі 10 желтоқсан күні Стокгольмде өтеді. Марапатты Швеция королі Густав XVI табыстайтын болады. Айта кетейік, осыған дейін физика мен медицина саласы бойынша Нобель сыйлығының иегерлері анықталған болатын.