- Негізгі бет
- Мәдениет
- ХХІ ғасыр: әлеуметтік...
ХХІ ғасыр: әлеуметтік желі арқылы жұлдыз болу
Заманды заман қуып, ғасырды ғасыр тауысып жатқан дүние. Кезеңімен айналып жатқан сағат тілі секілді ғасырлар ауысқан сайын түрлі әлеуметтік дүниелер орын алды. ХХІ ғасыр өзінің жаңалығын түрлі бағытта әкелді. Жаңа инновациялар, дамыған технология, әлеуметтік желі сынды бағыттармен келді. Алдағы ғасырдың қандай ешнісі бар екенін ойлаудың өзі таңқаларлық жағдай. Тегінде «жұлдыз» дейтін ұғым болмаған да болар. Бұл тікелей емес жанама айтылып тұрған сөз. Ол кездің жұлдыздары еңбегінің жемісін жесем деді. Атақ пен абыройға оқумен, ізденумен келді. Ал бүгінде ше?!
Youtube арқылы
Бұл – бүкіл әлемдегі видеоларды бір арнаға тоғыстырып отырған бағдарлама. Ерекшелігі тек видеоны тамашалап қалу емес, жұлдыз болуға да үлкен мүvкіндік береді. Тіпті байып кетуге болады. Қызықты әрі танымылдыққа ие видеоларыңызды салу арқылы сіз түр қалыптастырасыз. Ал сіздің түріңіз танымалдыққа апарады. Ортаңыз сізді өмірден емес, Youtube арқылы танитын болады. Ал баю жағына келсек, Youtube арқылы байып жатқандар қатары жетерлік. Оған себеп – сіздің көп көрілім мен жақсы баға жинауыңызда. Миллиондаған, миллиардтаған көрілім жинау қалтаңыздың толуына да көмектеседі.
Vinerлер
6 және 10 секунl арасындағы түсірілген қысқаметражды видеолар бүгінде кең етек алып барады. Сол арқылы да жұлдыз болуға көптеген мүмкіндігіңіз бар. Тек әлемде емес, Қазақстанның өзінде Vinerлер жұлдыздыққа ие болып үлгірді. Бүгінде олардың басты жұмысы жарнамаға түсу болып табылады. Ал жарнамаға түсу сіздің ендігі жұлдыздық атаққа жеткеніңізді көрсетеді. Vinerлердің өздеріне тән талаптары да бар. Ол қысқа видео арқылы қоғамдағы мәселелерді көрсету. Шынымен 6 секунд ішінде өнеріңізбен көрерменді өзіңізге баурап алу үлкен еңбек.
Блогерлер
Не жазушы не ақын емес бірақ қысқа да нұсқа жазу арқылы өзінің шығармашылығын таныта алатын адамдар да жұлдыздар қатарында. Оларды «блогерлер» деп атаңыз. Ақпараттық кеңістікті жіті бақылап отырып, сурет, видео жасау арқылы өзінің көрген-білгенін жұртқа жеткізу арқылы танымалдыққа ие азаматтар бізде де бар. Блог жазу жай қалам сермеу емес. Ол үлкен еңбек. Ал үлкен еңбектің жұлдыздыққа апаруы заңдылық.
Аталған үш түрлі бағыт арқылы сіздің де жұлдыз болуға мүмкіндігіңіз бар. Тіпті байып кетуге де. Тек әр бағыттың қыр-сырын жақсы меңгерген жақсы.
М. Ақан