- Негізгі бет
- Мәдениет
- Ханзада Гарридің тойы...
Ханзада Гарридің тойы Ұлыбритания қазынасына қанша қаржы алып келеді?
New York Times журналистері осы жылдың 19 мамырына жоспарланып отырған ханзада Гарри мен Меган Марклдің үйлену тойы Ұлыбритания қазынасына қанша қаржы алып келетінін сараптаған мақала шығарды. Олардың есептеуі бойынша, кіріс 680 миллион долларды құрайды екен.
Пайда негізгі көзі туристер легі болмақ. Себебі, дәл сол шараға бағыттап Лондонға саяхат жасаушы адамдар саны артатыны анық. Мысалы, Ханзада Гарридің ағасы Уильям жұбайы Кейт Миддлтонға үйленген 2011 жылы туристер саны 350 мыңды құрады. Қазірдің өзінде үйлену тойы өтетін Виндзордағы қонақүйлерде бос орын жоқ.
Пайданың екінші көзі – сувенирлер. Журналистер Гарри мен Меганның тойына арнайы шығарылған 27 долларлық 1000 саптыаяқтың бір-ақ күнде жоқ болғанын айтады.
Сарапшылардың айтуы бойынша, осы той барша әлем жұртшылығының Ұлыбритания мен корольдік отбасына деген қызығушылығын бұрынғыдан бетер арттырады.
А. Оралқызы