- Негізгі бет
- Мәдениет
- "Грэмми-2023" жеңімпаздары анықталды...
"Грэмми-2023" жеңімпаздары анықталды
5 ақпаннан 6 ақпанға қараған түні Лас-Вегаста 65-ші "Грэмми" марапаттау рәсімі өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Көпшіліктің назары Адель мен Бейонседе болды. Әлемге танымал бұл әншілердің миллиондаған тыңдарманы бар. Алайда екеуі де шара алдындағы қызыл кілемде көрінген жоқ. Адель жігіті - Рич Полмен бірге бірден үстелге кетті, ал Бейонсе кептеліс үшін кешігіп қалды. Бейонсе кештің басты триумфаторы болды: ол келгенше оған "R&B стиліндегі ең үздік ән", "R&B стиліндегі ең үздік орындау" және "Ең үздік би/электронды орындау" марапатын беріп үлгерді. Нәтижесінде, әнші шара соңына қарай келді.
"Грэмми-2023" марапаттау рәсімінің басты жеңімпаздары:
· Жыл жазбасы — Лиззо (About Damn Time)
· Жыл әні — Бонни Рэйтт (Just Like That)
· Ең үздік жаңа әртіс — Самара Джой
· Жыл альбомы — Гарри Стайлс (Harry’s House)
· Ең үздік музыкалық бейне — Тейлор Свифт (All Too Well)
· Ең үздік соло поп-орындаушы — Адель (Easy on Me)
· Ең үздік поп-альбом — Гарри Стайлс (Harry’s House)
· Ең үздік би/электронды альбом — Бейонсе (Renaissance)
· Ең үздік R&B-ән — Бейонсе (Cuff It)
· Ең үздік рэп-ән — Кендрик Ламар (The Heart Part 5)
А. Жапатова