- Негізгі бет
- Мәдениет
- Голливуд: Күнделік жазатын...
Голливуд: Күнделік жазатын жұлдыздар
Күнделік жазуға кірісе алмай жүргендер біз ақпарат беріп отырған жұлдыздардан үлгі алса болады. Өмірінің әсерлі сәттерін қағазға түсіру шығармашылыққа икемдейді. Үздік прозаиктер үнемі күнделік жазып отырған.
Леди Гага
Гастрольдік сапар кезінде кешкен сезімін блокнотқа жазып жүруді әдетке айналдырған. Сондай-ақ, Леди Гага өз-өзіне хат жазады екен. Оған жауап та береді-мыс. Мұндай қылықты атақты әншіден күтіге әбден болады. Себебі, ол – нағыз эпотажды өнерпаз.
Джессика Симпсон
Әндерін жазуға шабыт әкелетін дүниенің бірі күнделіктегі жазбалар екенін айтады. «Бұл психотерапия сеансы секілді. Уайымыңды жазып қалдырсаң болғаны, жеңілдеп қаласың!» - дейді Джессика.
Дженнифер Энистон
Актриса ешқашан күнделік жазатыны туралы айтпаған. Десе де, сенімді инсайдерлер оның 13 күнделігі бар екенін айтады. Ол бар ойын қағазға түсіреді. Сондықтан да болар, сырт көзге өте салмақты, тынымды адамдай көрінеді.
А. Оралқызы