АҚШ-тың Федералды сайлау комиссиясына Кентон Тилфорд есімді азаматтан келген ұсыныс хатта актер Дуэйн Джонсонды 2020 жылы өтетін президенттік сайлауға қатысуын сұраған. Тилфорд мырзаның актерге кім болып келетіні белгісіз.
Джонсонның өзі болса осыдан бірнеше жыл бұрын берген сұхбаттарында президент болуға қарсы еместігін айтқан болатын. Бірақ, ол кезде адамдар бұл пікірге аса мән бермеген болатын.
Осы жылдың мамыр айында америкалық GQ журналына берген сұхбатында Дуэйн былай деді: "Менің ойымша, бұл шеттен тыс орындалмайтын арман емес. Оның жүзеге асуы әбден мүмкін. Күндердің бір күні президент болып әлемде болып жатқан жағдайларға жақсы жағынан әсер етіп, барша ғаламды өзгертуге мүмкіндік туса қандай керемет болар еді ".