АҚШ Ұлттық музыкалық ассоциациясы мүшелерінің кезекті кездесуінде өткен жүзжылдықтың әні анықталған болатын. Ғасыр әні ретінде белгілі Beatles тобының мүшесі Джон Леннонның барша ғаламға танымал Imagine әні танылды. Сол шарада тағы бір ерекше әрі күтпеген жағдай болған еді. Адамзаттың жарқын болашағына деген ақ сенімге тұнық әннің авторы ретінде осы күнге дейін тек Леннонның өзі ғана танылып келгені баршаға мәлім. Музыканттың жұбайы Йоко Ононың қосқан үлесі еленбеген болатын. Ассоцияция жиынында көрсетілген мұрағаттық видео-сұхбат кезінде биттл әннің авторы өзі ғана емес, Йоко Оно да болатынын айтады. Ол кезде мен тым өзімшіл едім, сол себепті Ононың Imagine әніне қосқан үлесін мойындамадым, деді музыкант. Йоко музыкант ретінде танымал болмағанымен, авангардист суретші ретіндегі атағы әлдеқайда кең таралған. Оның көптеген туындылары түрлі галереяларда аса бағалы экспонаттар қатарына жатқызылады. Сондай нысандардың бірі Торонто қаласындағы Гардинер мұражайында сақталып келген. Жуырда ғана сол инсталляцияның бір бөлігі қолды болды. Йоко Оно: Өзен аталатын экспонат уақыт пен теңіз толқынына қажалған тастардан құралған. Соның Өзіңді сүй (Love Yourself) деген жазуы бар біреуін егде жастағы әйел адам ұрлап кеткен. Оның бағасы $ 17500 болып шықты. Полиция офицері Гэри Лонгтың айтуынша, Ұры тасты жай ғана қолына алған да, зылдан шығып жүре берген. Твиттерде ол кісінің суреті жарияланып, іздеу салынып жатыр.