Ханзада Гарри мен Меган Марклдыңбалауыз мүсіндері көктемде атақты Мадам Тюссо мұражайына қойылған еді. Сол кезде әр мүсіннің жасалуына 150 мың фунт жұмсалғаны мәлім болған. Мүсіндерді тамашалау мүмкіндігі 19 мамыр, яғни, әлем асыға күткен той кезінде пайда болды. Мүсіндер жас жұбайлар жанкүйерлерінің көңілінен шыққан еді. Енді әлеуметтік желілерде сол мүсіндердің Лондон аралап жүрген суреттері тарап кетті. Кейін белгілі болған ақпараттар бойынша, оны ақсүйектердің балауыз мүсіндерін киген актерлер жұбы жасаған екен. Суреттерге зер салсаңыз, шынайылығына таңқаласыз. Осы елеулі оқиға, яғни, Гарри мен Меганның отау құратыны жайлы ақпарат алғаш Ұлыбритания патшалық отбасының твиттер желісіндегі парақшасында пайда болды. Патшалық баспасөз қызметі жастардың тойға дейін Кенсингтон сарайында тұратынын хабарлады.Екі жастың бас қосуына қыздың ата-анасы мен ханзаданың әжесі II Елизавета келісімдерін берген. 36 жастағы актриса Меган Марклмен33 жасар ханзада Гарридің қаншалықты әдемі жұп екені олардың баспасөз өкілдерімен болған алғашқы ресми кездесуінен-ақ белгілі болды. Бұл шараға патшалық отбасының жаңа өкілі нағыз ақсүйектерше ұстамды әрі жоғары талғамды киімде шықты. Меган киген элегантты Line the Label брендінің ақ пальтосы,Parosh миди-көйлегі мен Aquazzura аяқ киімі де сән сыншыларының көңілін бірден жаулады. Бірақ, көпшіліктің көзі қалыңдықтың саусағындағы бриллиант жүзікте болғаны рас. Жақында үшінші балалары дүние есігін ашқан Уильям ханзада мен Гарридің жеңгесі Кэйт те олар үшін бақытты екенін айтып, Меган патшалық отбасы мүшелерін тәнті еткенін атап өтті. Журналистермен болған кездесуде түсірілген суреттермен қоса, Британиялық арналардың бірінде жас жұбайлар теле интервью де берді.Бір қызығы, New York Times журналистері осы жылдың 19 мамырына жоспарланып отырған ханзада Гарри мен Меган Марклдің үйлену тойы Ұлыбритания қазынасына 680 миллион доллар алып келетінін сараптаған мақала шығарған еді. Патшалық көрсеткішті тойдан кейін де арттыру жолында осындай жұмыстар легін арттырып жатқанға ұқсайды.