Өткен жылдың католиктік рождествосы алдында, яғни, желтоқсан айының аяғында ханзада Гарри мен актриса Меган Маркл үйленетіндерін ресми түрде хабарлаған болатын. Шыны керек, мәлімет тарай салысымен, бүкіл әлемде жұптың жанашырларының саны күрт көбейді. Екі ғашықтың үйлесімдігіне сүйсінген жұртшылыұтың қуанышына орай олардың балауыз мүсіндері атақты Мадам Тюссо мұражайына қойылады. Әр мүсіннің жасалуына 150 мың фунт жұмсалған екен. Мүсіндерді тамашалау мүмкіндігі 19 мамыр, яғни, әлем асыға күткен той кезінде пайда болады. Осы елеулі оқиға жайлы ақпарат алғаш Ұлыбритания патшалық отбасының твиттер желісіндегі парақшасында пайда болды. Патшалық баспасөз қызметі жастардың тойға дейін Кенсингтон сарайында тұратынын хабарлады.Екі жастың бас қосуына қыздың ата-анасы мен ханзаданың әжесі II Елизавета келісімдерін берген. 36 жастағы актриса Меган Марклмен33 жасар ханзада Гарридің қаншалықты әдемі жұп екені олардың баспасөз өкілдерімен болған алғашқы ресми кездесуінен-ақ белгілі болды. Бұл шараға патшалық отбасының жаңа өкілі нағыз ақсүйектерше ұстамды әрі жоғары талғамды киімде шықты. Меган киген элегантты Line the Label брендінің ақ пальтосы,Parosh миди-көйлегі мен Aquazzura аяқ киімі де сән сыншыларының көңілін бірден жаулады. Бірақ, көпшіліктің көзі қалыңдықтың саусағындағы бриллиант жүзікте болғаны рас. Жақында үшінші балалары дүние есігін ашқан Уильям ханзада мен Гарридің жеңгесі Кэйт те олар үшін бақытты екенін айтып, Меган патшалық отбасы мүшелерін тәнті еткенін атап өтті. Журналистермен болған кездесуде түсірілген суреттермен қоса, Британиялық арналардың бірінде жас жұбайлар теле интервью де берді. Бір қызығы, New York Times журналистері осы жылдың 19 мамырына жоспарланып отырған ханзада Гарри мен Меган Марклдің үйлену тойы Ұлыбритания қазынасына 680 миллион доллар алып келетінін сараптаған мақала шығарған еді. Патшалық осы көрсеткішті арттыру жолында осындай жұмыстар легін арттырып жатқанға ұқсайды. Пайда негізгі көзі туристер легі болмақ. Себебі, дәл сол шараға бағыттап Лондонға саяхат жасаушы адамдар саны артатыны анық. Мысалы, Ханзада Гарридің ағасы Уильям жұбайы Кейт Миддлтонға үйленген 2011 жылы туристер саны 350 мыңды құрады. Қазірдің өзінде үйлену тойы өтетін Виндзордағы қонақүйлерде бос орын жоқ. Пайданың екінші көзі сувенирлер. Журналистер Гарри мен Меганның тойына арнайы шығарылған 27 долларлық 1000 саптыаяқтың бір-ақ күнде жоқ болғанын айтады. Сарапшылардың айтуы бойынша, осы той барша әлем жұртшылығының Ұлыбритания мен корольдік отбасына деген қызығушылығын бұрынғыдан бетер арттырады.