Фрэнк Синатраның заттары бәссаудаға қойылады

Фрэнк Синатраның заттары бәссаудаға қойылады
Фото: vk.com

Атақты Sotheby's бәссауда үйі әйгілі музыкант Фрэнк Синатраның жеке және жинаған топтама заттарын сатылымға шығаратын болды. Сауда Нью-Йорк қаласында 4-6 желтоқсан аралығында өтеді.

Негізгі лоттар қатарында Фрэнк Синатра салған суреттер мен Пабло Пикассо, Норман Роквелл сынды шеберлер картиналары бар. Өнер туындыларынан бөлек, Синатраның жұбайына тиесілі қымбат әшекей бұйымдар мен ерекше дизайндағы мүліктері де сатылады. Топтама жалпы саны 300 лоттан тұрады. Sotheby's бұйымдар шамамен $ 3,5 миллионға өтеді деп жоспарлап отыр. 

Т. Раушанұлы