Қазіргі әлеуметтік желілер заманында фотосуретке түсудің өзі бір ғылымға айналғандай. Суреттерде сүйкімді көрінудің әдістерін оқытатын лекторлар да бар. Бірақ, ғалымдар зерттеуі мұның қыр-сырының әлдеқашан белгілі болғанын анықтады. Нақтырақ айтсақ, сонау Қайта өрлеу дәуірінде.
Сонымен, бір аяққа сүйеніп тұрып (контрапост) фотосуретке түсу кез келген адамды әдемірек көрсететін болып шықты. Мұны арнайы зерттеген АҚШ, Португалия мен Швеция ғалымдары осындай шешімге келді.
Контрапост бел мен бөксе арасындағы WHR индексін аз етіп көрсетеді. Яғни, денесі құмсағатқа ұқсайтын әйел адамдар әлдеқайда әдемі көрінеді екен. Осы гипотезаны тексеру үшін ғалымдар көптеген әйелдердің 3D-аватарын арнайы жасап, 68 студентке көрсеткен. Нәтижесінде жоғарыда аталған тәсілмен түскендер көп лайк жинаған.
Бір қызығы, Қайта өрлеу дәуіріне жататын мүсіндерде контрапост көп қолданылған. Оған (өзгелерге қоса) "Милос Венерасы" да мысал бола алады.