Эйнштейн тілін шығарып түскен сурет бәссаудада сатылды

Эйнштейн тілін шығарып түскен сурет бәссаудада сатылды
Фото: vk.com

Альберт Эйнштейн тілін шығарып тұрған сурет бәссаудада 125 мың АҚШ долларға сатылды. Сатып алған адамның аты құпия сақталады.

Аталған фотосуретті Артур Сассе 1951 жылы 14 наурызда ғалымның 72 жасын тойлаған кеште жасаған екен. Принстон клубында өткен шарада фотографтарға қарап жымия беруден шаршаған Эйнштейн Сассенің өтінішіне тілін шығарған екен. UPI (United Press International) редакторлары алғашында бұл суретті баспадан шығарғысы келмеген, дегенмен, қазір бұл ғалымның ең атақты портреті. Сурет ғалымның өзіне де қатты ұнағаны сонша, ол 9 дана көшірмесін жасатып, достарына таратып берген екен.

Фотосуреттің түпнұсқасында ғалымның тек өзі ғана емес, сол тойда қасында болған дәрігер Франк Эйделот пен оның жұбайы және ғалымның автографы бар. 

А. Оралқызы