- Негізгі бет
- Мәдениет
- "Эстетикалық кадрлар атасы"...
"Эстетикалық кадрлар атасы" атанған Роберт Франк дүниеден озды
95 жасқа қараған шағында кинорежиссер, фотограф-документалист Роберт Франк мәңгілік мекеніне аттанып кетті.
Роберттің күнделікті тіршілікті әдемі жеткізе білу қасиеті мен өзіндік стилі талай фотографқа үлгі болды. Үлкен өмірге аяқ басқан кезінде мұхит асып, басқа құрлыққа қоныс аударған жас жігіт жаңа мекенін шын жүрегімен сүйді, оның көңіл қимас әр сәтін ескі аппаратына түсірумен болды. Американың түкпір-түкпірін шарлаған шақтардан нағыз деректі құжатқа татырлық кітап дүниеге келді. "Америкалықтар" деп аталған фотоальбомның алғысөзін әдебиетте теңдесі жоқ Джек Керуак жазған екен. Екеуі де сол дәуірдің дауысы еді.
Соңғы суретте фотографтың өзі
23 жасында АҚШ-қа эмиграция жасағаннан кейін журналдарда фотограф бола жүріп 1948—1954 жылдары "Look", "Life", "Vogue" журналдарының жұмысымен бар әлемді шарлаған.
Өнер сыншылары Франкты "Эстетикалық кадрлар атасы" атап кеткен. Бұл оның туындыларының қалай бағаланатының бір дәлелі.
А. Оралқызы