Әлем бойынша сурет қоры екінші орын алатын Диана Арбус есімді фотографтың жеке коллекциясынан 522 дана фотография Торонто өнер галереясына өткізілді. Бұл туындыларға қол жеткізу үшін галерея ұжымы Диана ханыммен 3 жыл бойы келіссөздер жүргізген. Соңында меценаттар арқасында америкалық фотографтың ең ірі коллекциясы канадалық галерея қорына өтіп отыр. Оның директоры Стефан Йостың айтуынша, Арбустың маргинальды эстетикасы Торонто үшін өте маңызды: "Арбус жұмыстары адамды перифериясымен арбап алады. Ал, бұл – қазіргі Торонтодағы мэйнстрим. Мен сол үшін қуаныштымын. Арбус уақыт өткен сайын өнерінің бағасы артатын адамдар қатарынан ".
Галереяға өткен туындылар қатарында танымал "Егіздер" суреті де бар. Арбустың ең үлкен коллекциясы Метрополитен мұражайында сақтаулы.