- Негізгі бет
- Мәдениет
- Элвис Преслидің сағаты...
Элвис Преслидің сағаты
Фото:
vk.com
Элвис Пресли — рок-н-ролл королі. Әсіресе 1961 жылдың ақпанында оның музыкалық таспасы 75 миллион данамен сатылып, рекордтық көрсеткішке қол жеткізгенде оның даңқы шарықтаған еді.
Таспаны шығарған RCA Records компаниясының продюсері осындай жетістікті атап өтуден ақша аямады. Барша музыкалық элитаның басын қосқан жиында аса талантты Элвис Преслиге гаухар таспен көмкерілген аты аңызға айналған Omega маркасы сағатын сыйға тартты.
Бұл оқиғадан 60 жыл өткеннен кейін Phillips аталатын женевалық сағат бәссаудасы құнды бұйымды сатылымға шығарды. Оны Бьеннеде орналасқан «Омега» мұражайы 1,5 миллион швейцар франкына сатып алды. Аталған лот осы марка сағаттарының ішіндегі ең қымбаты болды. Оның құнын арттырған, әрине, Преслидің даңқы екені сөзсіз.
А. Оралқызы