Dior компаниясы Sauvage иіссуының ер адамдарға арналған нұсқасын ерекше бейне материалмен ұсынды.
Брендтің елшісі Джонни Депп жарнамалық роликтің өзімен бір текті үндістерге арналғанын қалаған. Аса талантты режиссер Жан-Батист Мондиноның арқасында бұл нағыз өнер туындысына айналды.
Түсірілім үндістердің тұрағы болған мекендерде өткен. Депп гитарамен соло орындаған тұста The Rosubud резервациясының өкілі ұлттық би билейді. Музыка да атақты үндістекті музыкант Линк Рэйге тиесілі.
Осы арқылы актер жойылудың аз-ақ алдында тұрған үндіс мәдениетін сақтап қалуға үндеу тастады. Түсірілім жұмыстарының қалай өткенін көргіңіз келсе, төмендегі бейнематериалға назар салыңыз.