HBO арнасы ағылшындар тарихындағы ең ізгі жүректі ханшайым туралы жаңа деректі фильм түсіруге ниетті екенін хабарлады.
Кинокартина жалпы ұзақтығы 4 сағатты құрайтын 2 сериядан тұрады. Аталмыш фильмде бұрын-соңды жария болмаған тың ақпараттар, Чарльз ханзадамен ашық сұхбат болады. Сондай-ақ, Диананың екі ұлы өз аналары туралы әңгімелеп береді.
Түсіруші топ, ең алдымен, ханшайым ұйымдастырған қайырымдылық шаралары мен оның қоғамдық белсенділігі туралы сөз қозғамақ.
Фильм премьерасы Диананың өмірден өткен күніне, яғни, тамыз айының 31 жұлдызына жоспарланып отыр. Қайғылы оқиға 1997 жылы Париж қаласында орын алған болатын.