Диалект сөздердің айтылуы

Диалект сөздердің айтылуы
Фото: weproject.kz

Белгілі бір өңірде түрліше қолданылып жүрген сөздердің қайсысы қандай мағына береді? БІЗ осы сұраққа жауап іздеп, ортақ қолданыстағы сөздердің аймақтардағы айтылуын сұрастырып көрдік

Сумай — Алматы
Сұйық май — Солтүстік Қазақстан, Талдықорған, Алматы
Шағу май — Батыс Қазақстан
Шемішке май — Орталық Қазақстан, Атырау

Сулық — Батыс Қазақстан
Шашық — Оңтүстік Қазақстан
Орамал — Орталық Қазақстан

Шыны — Алматы
Пиала — Оңтүстік Қазақстан
Кәсе — Батыс Қазақстан

Дәу — Орталық Қазақстан, Тараз, Алматы
Нән — Батыс Қазақстан
Дәкөй — Көкшетау
Зор — Оңтүстік Қазақстан

Табақ — Батыс Қазақстан
Шылапшын — Батыс, Оңтүстік Қазақстан
Кірші — Алматы

Жеңеше — Қызылорда
Тәтай апа — Батыс Қазақстан
Жише — Оңтүстік Қазақстан
Дише — Тараз

Майда — Оңтүстік Қазақстан, Жезқазған
Уақ — Батыс Қазақстан

Шырпы — Алматы
Ши — Талдықорған, Алматы, Жезқазған
Оттық — Қостанай
Кеуірт — Оңтүстік Қазақстан

Қауын — Талдықорған
Дарбыз — Оңтүстік Қазақстан

Көке — Талдықорған, Қарағанды
Апа — Батыс Қазақстан, Қостанай, Жезқазған
Әпше — Оңтүстік Қазақстан
Тәте — Орталық, Солтүстік Қазақстан, Алматы
Апай — Шығыс Қазақстан
Әпкей — Тараз

Дарбаза — Оңтүстік Қазақстан
Қаша — Талдықорған

weproject.kz

М. Ақан