Таланттар байқауына қатысқан Эмили Москаленко гимнастиканың нағыз шебері. Ол небары 8 жаста. Ол өзінің қойылымы кезінде көрермендер мен әділ-қазылар алқасын тамаша талантымен таңғалдырған. Көріп отқан халықтың "Браво!"-дан басқа айтары қалмаған. Эмили кішкентайынан осы өнерге қызығып, жасына қарамай жаттығудан көз ашпаған. Ерен еңбектің арқасында ерекше трюктарды еркін орындайтынын осы байқауда дәлелдеген. Тіпті, жоғарыдан өз-өзін тастап жіберген сәтін көргенде жүрегің аузыңа келеді. Олай болса, буынсыз қыздың өнерін мына видеодан тамашалап, бағасын беріңіздер!